382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ю.Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

  • 287
Ю.Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты.

1/8 финалда чехиялық Барбора Стрыцовамен кездескен жерлесіміз 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 31 минутқа созылды. Путинцева 2016 жылғы «Ролан Гарроста» ширек финалға дейін жетіп, Серена Уильямсқа жол берген болатын. Биыл қазақстандық теннисші сол жетістігін жаңартуға ұмтылады. Юлия ертең жартылай финал жолдамасын америкалық Мэдисон Кизбен сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы