386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде лаңкестік шабуылда қаза болған жауынгерлердің рухына арналған жарыс басталды

  • 357
  • UPD: 17:48, 04.06.2018
Ақтөбеде лаңкестік шабуылда қаза болған жауынгерлердің рухына арналған жарыс басталды

Ақтөбеде екі жыл бұрын лаңкестік шабуылдардан қаза болған жауынгерлердің рухына арналған жарыс басталды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас Қолбасшысының біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық самбошылар келді. Қатысушылардың дені – спорт пен әскери қызметті қатар алып жүрген балуандар. Турнирдің мақсаты – бейбіт заманда Отан үшін жанын пида еткен сарбаздарың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Маусым оқиғасы кезінде қаладағы 66/55 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Сапар Досбол, сержант Берікжан Қалиев және подполковник Даниель Майлыбаев ерлікпен қаза тапқан еді. Батырларды еске алуға арналған біріншілікке олардың жақындары мен туыстары да келді.

Гүлжан Еренова, Берікжан Қалиевтің анасы:

– Елдің елдігі ерінен дейді ғой енді. Баламның ерлігін ұмытпай, әр уақытта еске алып тұрады. Үлгі болсын кейінгілерге. Заман тыныш болсын, еліміз аман болсын. Аналар жыламасын. Кеше 7 мамырда волейболдан турнир ұйымдастырылды. Соған қатыстық.

Жанболат Ахметов, ҚР Ұлттық Гвардиясы спорт және денешынықтыру қызметінің бастығы:

Спорттың самбо түрі әскери қызметшілер үшін қажет. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға шыққан кезде кез келген жағдайға дайын болғандары жөн. Біздің еліміздегі әскери бөлімшелердің көбі облыс орталықтары мен аудандардағы қоғамдық тәртіпті қадағалауға, маңызды нысандарды күзетуге көмек береді.

Хабар 24 телеарнасы