389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барысқа» бас жаттықтырушы тағайындалды

  • 458
«Барысқа» бас жаттықтырушы тағайындалды vesti.kz

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) ойнайтын «Барыс» клубына бас жаттықтырушы тағайындалды. Бұл қызметке беларусь маманы Андрей Скабелка келді.

«Екі жылға келісімшарт мерзімі бекітілді. Жақын уақытта Андрей Владимирович өзінің жаттықтырушылар қосынын жинайтын болады», – деп жазылған ресми хабарламада.

Андрей Скабелка өткен маусымда Омбының «Авангард» командасында желтоқсан айына дейін қызмет жасады. Ал «Барыста» бас жаттықтырушы жұмысын атқарып келген Ғалым Мамбеталиевті алмастырды.

Айта кетейік, өткен аптада «Барыс» хоккей клубына Борис Иванищев жаңа президент болып сайланған болатын.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы