382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ролан Гаррос: Серена Уильямс пен Мария Шарапова арасындағы кездесу өтпеді

  • 267
  • UPD: 17:33, 05.06.2018
Ролан Гаррос: Серена Уильямс пен Мария Шарапова арасындағы кездесу өтпеді

Теннис жанкүйерлері асыға күткен Серена Уильямс пен Мария Шарапова арасындағы кездесу өтпеді.

Айтулы мықтылардың жолы «Ролан Гаррос» турнирінің 1/8-финалында түйіскен еді. Алайда америкалық теннисшінің кеуде бұлшықеттері сыр беріп, ойынға шығудан бас тартты. 36 жастағы спортшы өмірге бала әкеліп, ұзақ үзілістен кейін кортқа оралған болатын. Шарапова енді ширек финалда испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды.

Серена Уильямс, теннисші:

– Өкінішке қарай, кеудемнің бұлшықеттері ауыра бастады. Мен тіпті допты ойынға дұрыс қоса алмаймын. Мұндай жағдайда ойнау мүмкін емес. Әрине, осылай аяқталғанына қатты өкінемін. Қызым мен отбасымды қалдырып, осы жарысқа арнайы дайындалып келдім. Кездесу сайын бабыма еніп, күш-қуатым артып келе жатыр еді.

Хабар 24 телеарнасы