378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ролан Гарросқа» жете алмаған теннисшілер Шымкентте бас қосты

  • 273
  • UPD: 17:23, 05.06.2018
«Ролан Гарросқа» жете алмаған теннисшілер Шымкентте бас қосты

«Ролан Гарросқа» жете алмаған теннисшілердің бір тобы Шымкентке жиналды.

«Челленджер» санатындағы халықаралық турнир еліміздегі Президент кубогынан кейінгі екінші ірі жарыс саналады. Ұтыс қоры 50 мың доллар болатын айтулы сынға Қазақстаннан бөлек 30 елден 100 теннисші келді. Олардың арасында әлемдік рейтингте 100-діктің қатарына кіретін ойыншылар да бар. Қазақстандық ойыншылар жұптық жарыста сәтсіз өнер көрсетті. Хасанов-Ломакин жұбы неміс теннисшілерінен ұтылып қалса, Александр Недовесов пен Тимур Хабибулин де жұптық сайыстан шығып қалды. Енді олар жекелей сында ойынға араласады.

Тимур Хабибулин, Қазақстандық теннисші:

– Бұл турнирдің деңгейі жоғары, ұйымдастыру жағы да керемет. Білікті төрешілер қызмет етеді. Жарыста спортшылардың да қатары көбейіп, деңгейі мықты теннисшілер келіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы