382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева «Ролан Гарростың» жартылай финалына шыға алмады

  • 228
  • UPD: 22:10, 05.06.2018
Юлия Путинцева «Ролан Гарростың» жартылай финалына шыға алмады Фото: vesti.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігінің жартылай финалына шыға алмады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Отандасымыз ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизгежол берді. Теннисшілер арасындағы ойын 1 сағат 26 минутқа созылды. Бірінші сетте 5:3 есебімен жеңіп Юлия қарсыласына тай-брейкте есе жіберіп алды. Ал екінші сет 6:4 есебімен аяқталды. Юлия Путинцева WTA рейтингінде 98-орында тұрған теннисші. Осы жарыстағы нәтижесінен кейін жоғарылайтын болады. Ал Мэдисон Киз болса бұл рейтингте 13-орында келеді.

Айта кетейік, қазақстандық теннисшінің «Ролан Гарростағы» үздік нәтижесі осы – ширек финал. Теннисші 2016 жылы да ширек финалға дейін жеткен еді.

Хабар 24 телеарнасы