386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде әлем чемпионатының еріктілер штабы ашылды

  • 437
  • UPD: 23:53, 07.06.2018

Мәскеуде өтетін әлем чемпионатында қызмет ететін еріктілердің жұмысын үйлестіретін штаб ашылды.

Жарыс 14 маусым мен 15 шілде аралығында Ресейде өтеді. Мундиаль кезінде  Ресейдің 11 қаласында 11  мың волонтер жұмыс істейді. Олардың басты міндеті – саяхатшыларға көмектесу.

Қала орталығындағы осы кең ғимаратта аккредитациялық, жабдықтау, ақпараттық және медиа-орталықтар орналасқан. Жарыс кезінде бұл жерден бірнеше мың волонтердің жұмысы басқарылмақ.

Мәскеу орталығында 6 мыңнан аса адам бар. Ал бүкіл Ресей бойынша 11 мың волонтер жұмыс істейді. Олар қонақтарға қажетті бағытты нұсқап, қала ішінде адаспай жүруіне жол сілтейді. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде алғашқы көмек беруге үйретілді. Волонтерлердің көбісі – былтырғы Конфедерация кубогында тәжірибеден өткендер. Барлығына қойылған міндет ағылшын тілін меңгеру болып отыр.

Ксения Черных, волонтер:

- Кез келген адам туристік бағыт бойынша қызмет атқаратын волонтерлерге келіп көмек сұрауына болады. Біз оларды барынша дайындауға тырыстық, ең алдымен волонтер қаланың мәдени және тарихи мұрасын жақсы білуі керек. Сондай-ақ туризм және қонақжайлылыққа қатысты қайда бару, ненің дәмін тату секілді сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Туризм – бұл волонтерлер дайындығындағы 9 бағытының тек бірі. Сонымен қатар олар медициналық көмек беру, журналистермен жұмыс істеу, қалада өтетін іс-шаралар мен қоғамдық көлік секілді басқа да қызметтер көрсетуге үйренген.

Елена Скороходова, волонтер:

- Басты міндетіміз – жанкүйерлер мен қала қонақтарын құшақ жайып қарсы алу.

Ресми мәліметтерге сәйкес, әлем чемпионаты басталуына бір апта қалғанда Ресейге мың жарым шетелдік жанкүйер келген. Тек соңғы бір тәулікте  жанкүйер құжаты бар 770 адам шекара асқан.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы