382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Roland Garros: Надаль жартылай финалға шықты

  • 263
  • UPD: 18:15, 08.06.2018
Roland Garros: Надаль жартылай финалға шықты

Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль «Ролан Гарростағы» жүлдесіне жақындады.

Турнирдің ширек финалында Аргентиналық Диего Шварцманмен кортқа шыққан Испан теннисші 4:6, 6:3,6:2,6:2 есебімен басым түсті. 32 жастағы испан жігіті алғашқы партияны сәтсіз өткізді. Қатарынан 37 сетқа созылған Рафаның жеңісті жолын Шварцман кесті. Алайда аргентиналық ойыншының шамасы жалғыз партияға жетті. Надаль қалған үш сетта өз мықтылығын дәлелдеп, «Ролан Гарростағы» 11-ші жартылай финалына жолдама алды. «Үлкен шлем» жарыстарындағы бұл көрсеткіш жағынан ол әлемдегі үшінші теннисші атанды. Жартылай финалда Надаль тағы бір аргентиналық спортшы Хуан Мартин Дель Потромен ойнайды.

Рафаэль Надаль, әлемнің бірінші ракеткасы:

- Кешегі үзіліс маған көмектескенін мойындау керек. Себебі басымдық қарсыласымда болды. Диего тамаша ойнап, мені қорғануға мәжбүрледі. Мен әдеттегіден көп қобалжыдым. Бүгін есімді жиып, ойын тізгінін өзіме алдым. Көбірек шабуылға шықтым. Бұл турнир мен үшін маңызды жарыс. Сондықтан жан-жақтан көп қысымдар болып тұрады. Оны сезінесің. Өз-өзіңді бақылауда ұстасаң қобалжуды жеңіп, кейін ойыннан ләззат аласың.

Хабар 24 телеарнасы