387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеткіншектер арасындағы шахмат сайысының финалы өтіп жатыр

  • 522
  • UPD: 18:37, 08.06.2018

Шахмат біздің елде қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда бір ғана Алматы қаласында бірнеше шахмат академиясы бар.

Сондай-ақ спортшылардың шеберлігін шыңдау мақсатында әртүрлі деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылады. «Фаворит» шахмат академиясының ұйытқы болуымен жыл басында жастар мен жасөспірімдердің лигасы ашылған болатын. 100-ден аса үміткер тіркеліп, іріктеу кезеңдерінен іркілмей өткен 16 мықты финалдық кезеңге жолдама алған еді. Таяуда шешуші сайыстар басталып кетті. Бас жүлдеден үміткерлердің бірі Риана Жұмағали. Қатысушылардың ішіндегі ең жасы болса да Райана өте тәжірибелі шахматшылардың бірі саналады. Ол 6 жасында Қытайда өткен Азия біріншілігіне қатысып, 7 жасында Албаниядағы халықаралық турнирде топ жарды. Алматыдағы жарыста жеңіске жеткендер қомақты сыйақы иеленеді. 

Сино Аманбаев, «Фаворит» шахмат академиясының ұстазы:

- Алты айдың көлемінде бізде осы шахмат академиясы «Фаворитта» жарыс өткіздік. 14 этап болды. Сол 14 этапта 105 бала қатысты. Көп ұпай жинаған балалар ғана финалға шықты. Бізде финалда кепілді жүлде қоры 150 мың теңге. Сол бізде тек 15 жасқа дейінгі балалар қатысуына болады.

Хабар 24 телеарнасы