386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды

  • 495
  • UPD: 10:06, 11.06.2018
Қанат Ислам АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам аяғын жарақаттап алған.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бұған дейін боксшының жарақатына байланысты 23 маусымда Лос-Анджелесте болатын жекпе-жегі өтпейтіні хабарланған еді. Жарақатын ол дайындық кезінде алған. 

Ғаламторда боксшының ауруханада жатқан суреті жарияланды.

«АҚШ-тағы дайынық барысында аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусымда жұдырықтасуым қажет еді. Қарсыласым бар. Бірақ, амал не, жанкүйерлер бұл кездесуді көре алмайтын болды. Аяғым жазылған соң дереу ораламын. Шамамен екі айдан кейін. Бұл кездесуді жанкүйерлерімнің көп күткенін білемін», – деді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, Қанат Исламға 23 маусымда мексикалық Фернандо Каркамо, жапон Йошихиро Камегаи және америкалық Габриэль Росадоның бірі қарсылас болады деп күтілген еді.

Хабар 24 телеарнасы