386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жүзушілер Германияда 37 медальді қанжығаға байлады

  • 1026
  • UPD: 12:06, 11.06.2018

Қазақстандық құрама мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жүзуден әлем кубогында табысты өнер көрсетті.

Еліміздің командасы 13 алтын, 9 күміс және 15 қола медальді қанжығаға байлады. Төрт күнге созылған додада жерлестеріміз әлемнің 47 елінен келген үздік спортшылармен бақ сынасты. Нәтижесінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрама жалпы есепте 37 медальға ие болды. Ал әлем чемпиондары Зүлфия Ғабидуллина мен Наталья Звягинцева ерекше көзге түсті. Екі спортшы да өз қарсыластарын жеңгенімен, қорытынды есепте қоланы қанағат тұтты. Сарапшылар бұл көрсеткішті спорт әлеміндегі жоғары жетістік деп отыр. Отандық құраманы жеңісімен бірінші болып қазақстандық дипломаттар құттықтады.

Зүлфия Ғабидуллина, жүзуден Паралимпиада ойындарының чемпионы:

- Бірінші орынды иелендім. Бірақ орта есепте үздік болғым келген еді. Енді жетістікке жету үшін ары қарай жұмыс істеуім керек. Еліміздің спортшылары өте жас. Олардың жеңіске деген талпынысы басында-ақ байқалған болған. Жарыс өте жақсы өтті.

Саттар Бейсембаев, жүзуден ҚР құрметті жаттықтырушысы:

- Біздің спортшылар өте жоғары нәтиже көрсетті. Мен олармен мақтан тұтамын, қуаныштымын. Барлық жоспарымызды түгелдей орындады. Өздерінің көрсеткіштерін жаңартып жатыр. Әсіресе кешенді жарыстарда, эстафетада олар өздерінің жекелей шыққан көрсеткіштерін эстафетада 2-3 секундқа дейін жаңартып жатыр. Ол өте үлкен мақтаныш. Үш спортшы халықаралық ірі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды.

Хабар 24 телеарнасы