365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында синхронды жүзуден ел чемпионаты басталды

  • 182
  • UPD: 17:57, 13.06.2018
Қарағанды облысында синхронды жүзуден ел чемпионаты басталды

Жарыс 5 аталым бойынша өтіп жатыр.

Оған Астана, Алматы және Теміртаудан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Өкінішке қарай, спорттың бұл түрі әзірге тек осы үш қалада ғана жақсы дамып келеді. Өйткені синхронды жүзу, көркем гимнастика, акробатика, хореография сияқты спорттың бірнеше элементтерін біріктіреді, әрі бұл қимылдар судың астында орындалуы тиіс. Сондықтан болар ер адамдар бұл күрделі спортқа аз келеді. Қазір Теміртау командасы республикадағы ең үздіктер қатарында. Азия ойындарында 3 мәрте жеңімпаз атанған. Ал жуырда ғана Австрияда өткен халықаралық жарыста үшінші орын алды.

Оксана Москвичева, Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы:

- Ол жолы әлем кубогына іріктеу жарысы болды. Біздің жолымыз болды. Енді шілде айының соңында Испанияға барып ел намысын қорғаймыз. Жарысқа Қазақстаннан 38 спортшы қатысты. Қазір 10 адам байрақты бәсекеге дайындалып жатыр. Оның 8-і ­ Теміртаудан, қалған екеуі алматылық.

Осы категория бойынша: « Астанада каратэ киокушинкайдан Азия чемпионаты басталады Әлем чемпионаты: Ресей және Сауд Арабиясы кездеседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы