Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елена Хрусталева биатлондағы жаңа жүйеге қатысты пікір білдірді

  • 148
  • UPD: 18:18, 13.06.2018
Елена Хрусталева биатлондағы жаңа жүйеге қатысты пікір білдірді

«Ел ертеңі ­ жастар, ендеше балалар спортын дамытуды қолға алу керекпіз», – дейді Қазақстан биатлоншылар одағының вице-президенті Елена Хрусталева.

Олимпиада жүлдегерінің айтуынша, 2018 жылдан бастап балалар биатлоны жаңа жүйе бойынша өтеді. Яғни жарыс жағрафиясы кеңейіп, әртүрлі деңгейдегі турнирлер көптеп ұйымдастырылатын болады. Жуық арадағы жарыс 16 маусым күні  Риддер қаласында басталады. Үміткерлер жазғы биатлонда сынға түседі. Одақ басшылары келер жылдың наурыз айынан бастап спорттың 5 түрінен балалар олимпиадасы ұйымдастырылатынын айтты. Мұндағы мақсат – 2020 жылы Лозаннада өтетін жасөсіпірімдер олимпиадасына тыңғылықты дайындық жүргізу.

Елена Хрусталева, Қазақстан биатлоншылар одағының вице-президенті:

- Жарыс жүйесін толықтай өзгерттік деп айта алмаймыз. Тек турнир санын көбейттік. Бұған дейін біз қыста және жаз мезгілінде бір ғана жарыс өткізетін едік. Оған оқушылардың барлығы қатыса алмайтын. Енді бағын сынап көремін деушілерге есік ашық.

Осы категория бойынша: « Әлем чемпионаты: Ресей және Сауд Арабиясы кездеседі Әлем чемпионаты: Мәскеуге 20 елдің басшылары келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы