365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 3 елде өтеді

  • 448
  • UPD: 08:59, 14.06.2018
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 3 елде өтеді ForumDaily

Мәскеуде өткен ФИФА конгресінде 2026 жылғы Әлем чемпионатын қабылдайтын елдер белгілі болды.

ХХІІІ әлем чемпионатын қабылдауға АҚШ, Канада және Мексика елдері бірлесіп өтініш тапсырған болатын. Оларға Марокко бәсекелес болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, Америка елдері 134 ұпай жинап, жеңіске жетті. Ал ұлттық федерацияның 65 делегаты Мароккода өткізуді жақтаған. Айта кету керек, 2026 жылғы турнир 23 қалада өтеді. Олардың стадиондары дайын болғандықтан, инфроқұрылымға қаражат жұмсалмайды. Жоспарланған матчтардың алпысы АҚШ-та, ал қалған 20 дода Канада мен Мексикада өтеді. Ұйымдастырушылар бұл шарадан 11 миллиард доллар пайда көруді көздеп отыр. Ал 2022 жылғы мундиаль Катарда өтеді.

Осы категория бойынша: « Альварестің промоутері: Головкинмен 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізетінімізді қуана хабарлаймын Футбол: Бүгін әлем чемпионатының алғашқы кездесуі өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы