374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Командалар Әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтады

  • 193
  • UPD: 19:09, 14.06.2018
Командалар Әлем чемпионатына соңғы дайындығын пысықтады

Ресей мен Сауд Арабиясы  ғана емес, дүниежүзілік додаға қатысатын 32 елдің құрамасы да қазір соңғы дайындықтарын пысықтады.

Мәселен, Польша құрамасы Сочиде ашық жаттығу өткізді. Құрамында әлемдік аладоп аламаны жұлдыздары бар команданы көруге жүздеген жанкүйер жиналды. Польша аяқдопшылары «Н» тобында Сенегал, Колумбия және Жапония құрмаларымен жолығады. Алғашқы матчты 19-шы маусымда Мәскеуде сенегалдықтарға қатысы өткізеді.

Роберт Левандовски, Польша құрамасының капитаны:

- Польша футболының тарихы керемет. Әсіресе, ұлттық құраманың 30-40 жыл бұрынғы жетістіктерді әлі ұмыта қойған жоқпыз. Енді соны жалғастыруға тырысамыз. Жанкүерлердің үмітін ақтаймыз деген ойдамын.

Әлем чемпионатының бас жүлдесінен үмітті Аргентина құрамасы да бүгін ашық жаттығу өткізді. Құрамында Лионель Месси, Серхио Агуэро сында футбол жұлдыздары бар команда қазір Мәскеу маңындағы елдімекенде дайындалып жатыр. Аргентина құрамасы Ресейге 10 маусымда келген болатын. Ал,алғашқы кзедесуін 16 маусымда Исландия құрамасына қарсы өткізеді. «Д» тобында бұдан бөлек Хорватия мен Нигерия құрамалары бар.

Вильфредо Кабальеро, Аргентина құрамасының қақпашысы:

- Дайындық жұмыстары жақсы жүріп жатыр. Әсіресе, ең алғашқы матчта барымызды салмамыз. Өйткені, кейінгі нәтижелереміз тікелей соған байланысты болмақ.

Осы категория бойынша: « Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталады Мәскеуде 2018 жылғы Әлем чемпионаты басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы