365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналдудың хет-тригі Португалияны жеңілістен құтқарды

  • 260
  • UPD: 08:27, 16.06.2018
Роналдудың хет-тригі Португалияны жеңілістен құтқарды Тасс

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының «В» тобындағы екінші ойын аяқталды.

Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм Португалия құрамасының пайдасына шешілген – 2:1. 4-минутта Роналду пенальтиді сәтті орындаса, 24-минутта Диего Коста асқан шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасады.

Тартысты ойын екінші таймда да қыза түсті. 55-минутта Диего Коста да дубль жасап, «қызыл фурия» жанкүйерлерін қуантты. Араға 3 минут сала Начоның алыс қашықтықтан шірене тепкен добы Португалия құрамасы қақпасынан табылды.

Ойын аяқталар тұста Криштиану Роналду айып соққысын тамаша орындап, таразы басын теңестірді. Сондай-ақ португалдық ойыншы мундиальдағы сұрмергендер көшін бастады, деп жазады vesti.kz.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Португалия – Испания ойынындағы барлық голдардың видеосы Ақтөбеде Пеле, Неймардың ізін қуғысы келетін ойыншылар өсіп келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы