365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Қазан Франция – Австралия кездесуін қабылдауға дайын

  • 213
  • UPD: 14:06, 16.06.2018

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатына төрткүл дүние көз тігіп отыр.

Күні кеше Португалия мен Испания құрамалары футбол жанкүйерлеріне естен кетпес қызықты матч сыйлады. Командалар 3:3 есебімен тең түсті. Ал бүгін Франция мен Австралияның ұлттық құрамалары кездеседі. Теңбіл доппен әлемді теңселтетін командалар Татарстан астанасында ойнайды.

Қазан құдды бір құдасы келгендей қарсы алды туристер қауымын. Жанкүйерлердің демалысына һәм ойынды рақаттанып тамашалауға мейлінше жағдай жасалған. Шаһардың түкпір-түкпірінде мынадай 50 шатыр тігіліп, онда 200-ге тарта ерікті еңбек етіп жүр.

Диана Денисова, ерікті:

- Вокзалдан «Қазан Арена» стадионына дейін үш шатл автобус тегін қатынайды. Сондай-ақ жанкүйердің төлқұжатын көрсетсеңіз, қоғамдық көліктерде сізден ақы алмайды.

Бүгінгі кездесу туралы қысқа да нұсқа. Франция – бұл сайыстағы басты фавориттердің бірі. 1998 жылы әлем чемпионы болған. Еуропа біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы. Ал Австралия ала доп аламанына небәрі 4 рет қатысқан. 

Пол Фостер, жанкүйер /Австралия/:

- Францияның ойыншылары мықты. Сондықтан бүгінгі матч тартысты өтуі тиіс. Австралия қорғаныс тактикасын таңдап, қарымта шабуылдарға ден қоймақ.

Жиром Маxтан, жанкүйер /Франция/:

- Франция биыл чемпиондықтан үмітті. Ұлттық құрамамыз Бразилия, Испания, Португалиямен қатар фаворит болып есептеледі.

Татарстан астанасында төрткүл дүниені теңселткен дүбірлі доданың 6 ойыны өтеді. Төртеуі – топтық кезеңдегі кездесулер. Тағы екеуі – плей-офф мачтары. Алғаш болып «Қазан Арена» стадионында Франция мен Австралия бақ сынасады.

Авторы: Ж.Біркенов

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде Пеле, Неймардың ізін қуғысы келетін ойыншылар өсіп келеді Абель Санчес: Бұл күн тарихқа енеді, өйткені Головкин «Канелоны» сұлатады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы