374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германиялық жанкүйер Ресейдегі әлем чемпионатына трактормен жеткен (бейне)

  • 237
  • UPD: 20:01, 17.06.2018

Германия құрамасының жанкүйері – 70 жастағы зейнеткер Губерт Вирт Мәскеудегі әлем чемпионатына 1936 жылы шыққан трактормен келіп жеткен.

«Германиялық футбол жанкүйері 70 жастағы Губерт Вирт Ресейге келді. Зейнеткер мен оның иті сонау Германиядан бергі жолды соғысқа дейін шыққан трактормен жүріп өткен», – делінген хабарламада.

Вирт сағатына 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын трактормен 2500 шақырымды артқа тастап, бір ай дегенде Мәскеуге келіп жетті. Ол туған қаласынан 15 мамырда шыққан. Зейнеткер чемпионаттың жартылай финалдық ойындарын тамашалау үшін әрі қарай тракторымен Санкт-Петербургке жолға шықпақшы. Одан кейін Германияға қайтады.

Тракторға үлкен сыра бөшкесі тиелген. Оның ішінде Вирттің жол бойы өмір сүруіне қажеттінің бәрі бар.

Еске сала кетсек, 2018 жылғы «лем чемпионаты Ресей Федерациясының 11 қаласында 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Германия құрамасы F тобында Мексика, Швеция, Оңтүстік Кореяға қарсы ойнайды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Әлем чемпионаты 2018: Сербия Коста-Рикадан басым түсті Әлем чемпионатында әкесіне тәуелді рекордты бұзған футболшы кім? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы