365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионатында әкесіне тәуелді рекордты бұзған футболшы кім?

  • 451
  • UPD: 22:40, 17.06.2018
Әлем чемпионатында әкесіне тәуелді рекордты бұзған футболшы кім? leicester.ru

Дания құрамасы биылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Перу футболшыларына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Дәл осы ойында Дания құрамасының қақпасын қорғаған Каспер Шмейхель рекорд жаңартты. Перу құрамасының гол соғуына мүмкіндік бермеген Каспер ұлттық құрама сапында қақпасын 540 минут бойы голдан аман сақтап келеді. Бұл – Дания құрамасы тарихында жаңа рекорд.

Бір қызығы, аталған рекорд бүгінге дейін Каспердің әкесі Петер Шмейхелге тәуелді болатын (470 минут).

 

Бұдан бөлек, Шмейхелдердің екеуі де әлем чемпионатына қатысқан алғашқы әкелі-балалы қақпашы атанды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Германиялық жанкүйер Ресейдегі әлем чемпионатына трактормен жеткен (бейне) Футбол: Әлем чемпионаты тарихындағы ерекше шаш үлгілері »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы