374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Панама құрамасының алғашқы қадамы

  • 167
  • UPD: 18:22, 18.06.2018
ӘЧ-2018: Панама құрамасының алғашқы қадамы FootballHD

Бүгін Панама футболшылары да әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Эрнан Дарио Гоместен тәлім алатын латынамерикалық команда Бельгиямен алаңға шығады. Панама дүниежүзілік доп додасына тұңғыш рет қатысады. Олар Ресейге жолдаманы 2017 жылдың 11 қазанында жеңіп алған болатын. Дәл осы күн ел президентінің жарлығымен бүкілхалықтық мейрам болып жарияланды. Қазір Панама құрамасы Сочи қаласында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бельгия – Панама арасындағы матч Астана уақытымен кешкі 21:00-де басталады. 

Эрнан Дарио Гомес, Панама құрамасының бас бапкері:

- Әрине, алдағы матчта фаворит емеспіз. Бірақ бұл біз осал ойын өрнегін көрсетеді дегенді білдірмейді. Бельгия құрамасына тегеурінді қарсылық көрсетіп, реті келсе жеңіске жеткіміз келеді.

Осы категория бойынша: « Бішкекте семсерлесуден Орталық Азияның алғашқы чемпионаты өтті Әлем чемпионаты-2018: бүгін үш кездесу өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы