367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында топ жарды

  • 386
  • UPD: 18:39, 18.06.2018

Қазақстан каратэшілері Азияда алдына жан салмайтынын кезекті рет дәлелдеді.

Өткен демалыста Астанада құрлық чемпионаты өткен болатын. 12 елден жиналған 250-ден аса киокушин шебері «Дәулет» спорт кешенінде 2 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте ұлттық құрама топ жарды. Әсіресе ересектер арасында жерлестеріміздің басым бөлігі финалға шықты. Жасөспірімдер мен жастар көрсеткіші те жоғары.

Хотцуо Рояма, Халықаралық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті:

- Қазақстандағы чемпионат өзінің ауқымы және форматы жағынан бізді таңқалдырды. Бұнда спортқа қатты көңіл бөлінетіні көрініп тұр. Осыны негізге ала отырып мүмкін алдағы жылдары әлем чемпионатын өткізу құрметін де осы елге береміз.

Омархан Өксікбаев, Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті:

- Халықаралық федерацияның президенті Рояма жарыс өткеннен кейін бір жеті қалып, біздің бапкерлерге жаттықтыру өткізеді. Өзі 70-ке келді. Каратэні тастаған жоқ. Әлі күнге дейін күш-қайраты бойында. Оның өзі үлкен көмек деп білемін.

Осы категория бойынша: « Өзбек балуаны – қазақ күресінен халықаралық Гран-при жеңімпазы Швеция Оңтүстік Корея құрамасын пенальти арқылы ұтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы