365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хавьер Маскерано Олимпиада елшісі атанды

  • 162
  • UPD: 23:53, 18.06.2018
Хавьер Маскерано Олимпиада елшісі атанды

Аргентина құрамасының қорғаушысы Хавьер Маскерано 2018 жылы Буэнос-Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасының елшісі атанды.

Бұл күндері Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысып жатқан Маскерано Буэнос-Айрес-2018 Ұйымдастыру комитетінің таңдауымен жасөспірімдер Олимпиадасында елші атанып отыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» CAA тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

«Өз елімде өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына мені елші етіп таңдағаны үлкен құрмет! Мен өз тәжірибем мен спорттағы құндылықтарымды жас спортшылармен бөлісетін боламын», – дейді Маскерано.

2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасын ұйымдастырушылардың айтуынша, Маскерано алаңда ғана емес, алаң сыртында көшбасшылық қасиеттерге ие. Әлем чемпионатында ол ұлттық құрама сапында өткізген ойындар саны бойынша рекорд жаңартты. Ресейдегі доп додасында Исландиямен өткен матчта Маскерано Аргентина құрамасы үшін 144-рет алаңға шықты.

«Мен барлық жас спортшыларды Буэнос-Айресте барын салуға шақырамын. Мейлінше тәжірибе алмасып, үйренуге тырысу керек. Мұны өзге елдің спортшыларынан үйрену шынымен де өте қызық. Олимпиада тап осындай сәттерден құралады», – дейді футболшы.

Жасөспірімдер Олимпиадасының елшілерін ХОК пен жергілікті ұйымдастырушылар комитеті жастарды жігерлендіріп, саламатты өмір салтына үндеу үшін арнайы таңдайды. Жасөспірімдер Олимпиадасының елшісі атанғандар қатарында Усейн Болт, Майкл Фелпс және Елена Исенбаевалар бар.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Панаманы ойсырата жеңді Чемпионаттың топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары аяқталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы