365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея түбегіндегі туысқан екі ел Азиадаға бірлесіп қатысады

  • 301
  • UPD: 09:58, 19.06.2018

Оңтүстік Корея мен Корея Халық Демократиялық Республикасы 2018 жылы өтетін Азиада ойындарына бірігіп қатысады.

Шараның ресми ашылу салтанаты кезінде екі ел бір ту астында шығады. Бұл жайында Рёнхап ақпараттық агенттігі Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Деректерге сәйкес оған дейін екі ел Пхеньянда баскетбол матчын өткізеді. Осы мәселені талқылау үшін қарусыздандырылған арнайы аймақ Пханмунджом-да қос тарап келіссөз жүргізді. Оңтүстік Корея делегациясын спорт жөніндегі ұлттық комиттеттің бас хатышысы Чжон Чун Юль басқарды. Ал Солтүстік Корея атынан спорт және дене шынықтыру вице-министрі Вон Кил Ю келді. Екі саясаткер де қос мемлекет құрамаларының спорттық дода кезінде бірігуі екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға түрткі болатынына сенім білдіретіндерін жеткізді. Айта кету керек, жазғы Азияда ойындары 2018 жылдың 18 тамызынан 2 қыркүйекке дейін Индонезияда өтеді.

Осы категория бойынша: « Чемпионаттың топтық кезеңдегі алғашқы тур ойындары аяқталады Петропавл қаласында «Qyzyljar -2018» веложарысы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы