368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Ресей Мысырдың осал тұсын таба ала ма?

  • 444
  • UPD: 17:57, 19.06.2018
ӘЧ-2018: Ресей Мысырдың осал тұсын таба ала ма?

Бүгін әлем чемпионатының екінші тур ойындары басталады.

А тобындағы Ресей Египетпен алаңға шығады. Алғашқы турда Сауд Арабиясынан 5:0 есебімен басым түскен орыстар енді Мысыр командасының осал тұсын іздейді. Ресейдің бас бапкері Черчесов бұл жолы жеңіске жету оңай болмайтынын тілге тиек етті. Египет алғашқы кездесуде Уругвайдан 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Сондықтан Мұхаммед Салах бастаған жігіттерге қателесуге болмайды. «Ливерпуль» футболшысы соңғы жаттығуда құрамамен бірге дайындалды. Оның орыстарға қарсы алаңға шығуы мүмкін. Ресей мен Мысыр арасындағы кездесу Санкт-Петербург қаласында түнгі 12-де басталады.

Станислав Черчесов, Ресей құрамасының бас бапкері:

- Біз әр команданы мұқият қадағалап, қажетті ақпарат жинаймыз. Кез келген құраманың мықты ойыншысы болады. Оларды да назарға аламыз. Египет – жақсы команда, олардың сапында Салахтың орны бөлек екенін білеміз. Біз бір футболшыға қарсы шықпаймыз ғой. Сондықтан бір ойыншыны бөле-жара атап өту дұрыс емес.

Осы категория бойынша: « Чемпиондар лигасы: «Астана» «Сутьеска» командасымен кездеседі Әуесқой теннисшілер өзара мықтыны анықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы