374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әуесқой теннисшілер өзара мықтыны анықтады

  • 240
  • UPD: 17:34, 19.06.2018
Әуесқой теннисшілер өзара мықтыны анықтады

Үлкен теннистен әуесқойлар арасында Алматы қаласының ашық біріншілігі аяқталды.

«Мақсат» теннис кортында жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирге биыл 20 жұп қатысты. Түрлі сала өкілдерінен құралған үміткерлердің арасында ардагер теннисшілер де болды. Мысалы, 63 жастағы Аманжол Райысовтың шеберлігіне көпшілік қол соқты. Әкелі-балалы Аманжол мен Дәурен Райысовтар жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды. Олар финалда алматылық Валерий Сапраниди мен Талғат Мәрембаевтан ұтылып қалды. Қола жүлде Нұрлан Саутбаев/Марат Баймұхамедов жұбына бұйырды.

Бауыржан Досқараев, спорт ардагері:

- Кәсіпқой теннис үлкен спорттық шеберлікті керек етеді. Ол спорт шыңына шығу үшін біздің Қазақстандағы 18 миллион халықтың кем дегенде 1 миллионы теннис ойнауы керек.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Ресей Мысырдың осал тұсын таба ала ма? Головкин баспасөз мәслихаты кезінде Альваресті мазақ етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы