374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин баспасөз мәслихаты кезінде Альваресті мазақ етті

  • 188
  • UPD: 19:55, 19.06.2018
Головкин баспасөз мәслихаты кезінде Альваресті мазақ етті

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді.

Мұның алдында боксшылар ортақ баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартқан еді. Олар «бірін-бірі көргісі келмейтіні» айтылған болатын.

Головкиннің баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Palm мейрамханасында өтті, онда келген қонақтарға «VADA мақұлдаған» тағамдар берілді, деп хабарлайды vRINGe.com.

Осылайша, қазақстандық боксшының командасы допингпен ұсталған Альварестің тамаққа қолданылған еттің құрамы таза емес болды деген сылтауы үшін мексикалықты мазақ етті, деп жазады kaz.vesti.kz.

Осы категория бойынша: « Әуесқой теннисшілер өзара мықтыны анықтады Жапония 10 футболшымен ойнаған Колумбиядан басым түсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы