365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония 10 футболшымен ойнаған Колумбиядан басым түсті

  • 215
  • UPD: 20:15, 19.06.2018
Жапония 10 футболшымен ойнаған Колумбиядан басым түсті Казахстанская правда

Футболдан әлем чемпионатының Н тобындағы алғашқы ойын аяқталды.

Жапония құрамасы Колумбияны 2:1 есебімен ұтып, алғашқы 3 ұпайына ие болды.

Cаранда өткен ойында самурайлардың саны басым болды. Себебі 3-минутта өз қақпасы алдында қолмен ойнаған Карлос Санчес алаңнан қуылды. Бұл – Ресейдегі әлем чемпионатында қызыл қағаз алған алғашқы футболшы. Бас төреші Дамир Скомина пенальти белгіледі. Синдзи Кагава өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды, деп жазады kaz.vesti.kz.

39-минутта 10 ойыншымен ойнаса да Колумбия құрамасы есепті теңестірді. Гол соққан – Хуан Кинтеро. Алайда екінші таймда жапондар жеңіске бастар жолды тапты. Бұрыштамадан асырылған допқа бірінші жеткен Юя Осака Оспина қорғаған қақпаны тура көздеді. Есеп – 2:1. Жапондар 3 ұпайға ие болды.

Бұл топтағы Польша мен Сенегал құрамалары арасындағы кездесу Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Осы категория бойынша: « Головкин баспасөз мәслихаты кезінде Альваресті мазақ етті «Ювентус» Александр Головин үшін 17 млн еуро төлеуге дайын »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы