365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин Қазақстанға келеді

  • 201
  • UPD: 12:42, 20.06.2018
Головкин Қазақстанға келеді Sports.kz

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтетін екінші кездесудің алдында Қазақстанға келеді. Бұл туралы боксшының өзі Yahoo! Sports порталына берген сұхбатында айтты.

«Мен Қазақстанға жол жүріп бара жатырмын. Келесі аптада қайта келіп, жаттығуды бастаймын. Алдымен үйге барып, достарым мен туыстарымды көріп қайтқым келеді. Менің қазір демалысқа уақытым бар. Келесі аптадан бастап назарымды жүз пайыз боксқа ауыстырамын», – дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин мен «Канело» екінші кездесудің алдында бірлесіп баспасөз жиынын өткізуден бас тартты. Олар енді тек кездесуге бір апта қалғанда ғана бірлесіп баспасөз жиынын өткізеді. Олардың екінші кездесуі 15 қыркүйекке жоспарланған.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « WBC президенті Головкиннен «Канелоның» допинг мәселесін ұмытуды сұрады ӘЧ-2018: Португалия - Марокко құрамалары кездеседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы