368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді

  • 224
  • UPD: 15:49, 22.06.2018
Швейцария жанкүйерлері әлем чемпионатына трактормен келді

Осылайша бүгін жасыл алаңға шығатын ұлттық құрамасына ерекше қолдау көрсетуді жөн көріпті.

«Е» тобындағы екінші тур ойындары бүгін Калининград қаласында өтеді. Осыған орай кәрі құрлықтағы футбол фанаттары 2 мың шақырымды ауыл шаруашылығы техникасымен жүріп өтті. Трактордың жылдамдығы сағатына бар болғаны 60 шақырымды құрайтынын ескерсек, Люцерн мен Калининград арасын бағындаруға шамамен 2 апта кеткен.

Бит Штудер, жанкүйер:

- Алғашқыда бұл трактормен саяхат жасағым келген. Менің жоспарым әлем чемпионатына тұспа-тұс келді. Осылайша достарыммен бірігіп көздеген аралағымызды жүріп өттік.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: 22 маусымға арналған ойындар кестесі Футболшылар нөмірлі жейдемен қай уақыттан бастап шыға бастады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы