369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде Swarovski кристалдарымен безендірілген доп сатыла бастады

  • 202
  • UPD: 13:39, 23.06.2018
Ресейде Swarovski кристалдарымен безендірілген доп сатыла бастады

Саран қаласында футбол жанкүйерлері асыл тастарымен безендірілген кәдесый добын сатып ала алады.

Бағасы – 2 мың доллар. Ала доп 10 мың Swarovski тасымен көмкерілген. Саран фабрикасы осылайша доп додасына ерекше кәдесый ұсынды. Шеберлер мұндай 11 допты әшекейлеуге 2 апта еңбек еткен. Фабрика директорының айтуынша, сатылмай қалғандары музейге қойылады.

Айта кетейік, Саран қаласында әлем біріншілігінің тағы 2 матчы өтеді. 25 маусымда Иран мен Португалия, ал 28-і Панама мен Тунис тартысқа түседі.

Осы категория бойынша: « «Е» тобында плей-оффқа шыққан құрамалар соңғы турда анықталады Бильярдтан Ақселеу Сейдімбек атындағы турнир өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы