367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бильярдтан Ақселеу Сейдімбек атындағы турнир өтіп жатыр

  • 280
  • UPD: 15:19, 23.06.2018
Бильярдтан Ақселеу Сейдімбек атындағы турнир өтіп жатыр

Журналистердің кәсіби мерекесіне орай бильярдтан жазушы, журналист Ақселеу Сейдімбек атындағы дәстүрлі республикалық турнир басталды.

Оған қазақ журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, бұқара арасында танылған жазушы тілшілер шақырылды. Биыл сегізінші рет ұйымдастырылған шараға еліміз бойынша БАҚ саласында жүрген 60-қа жуық маман келді. Олар ақсақалдар тобы және орта буын болып екіге бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Турнир жеңімпаздары кубок, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ ерекше көзге түскендерге арнайы аталымдар бойынша сый-сияпат беріледі.

Намазалы Омаш, профессор, «Журналистика мәселелерін зерттеу» институтының директоры:

- Мұның бір жақсы таңертең басталып, кешкі сағат алтыға дейін өтеді. Сонда журналистер бір-бірімен пікірлесіп, әртүрлі әзіл-қалжың, әңгімелер айтылады. Шығармашылық туралы әңгімелер болады. Мұны Ғабит Мүсірепов, Ғабидин Мұстафин сияқты ағаларымыз ойнаған екен. Сол кісілердің осындай бильярдтың үстінде жүріп айтқан әңгімелері жайлы небір халық аузында аңыз-әңгімелер бар. Біз сондай болмасақ та, сол деңгейге жетпесек те, шамамыз жеткенше журналистер үшін бір мереке болсын деп ұйымдастырылып жатқан нәрсе.

Осы категория бойынша: « Ресейде Swarovski кристалдарымен безендірілген доп сатыла бастады Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жегінде стилін өзгертуі мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы