374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германия Швецияны жеңді

  • 185
  • UPD: 07:15, 24.06.2018
Германия Швецияны жеңді

Футболдан әлем чемпионатының F тобында Сочиде Германия мен Швеция құрамалары кездесті.

Мұнда қарсыластарынан бір гол айырмашылығымен немістер жеңіске жетті.

Алғаш боп шведтерден Ула Тойвонен допты қақпаға енгізсе, екінші таймда немістерден Марко Ройс есепті теңестіре алды.

82-минутта екінші ескерту алған Германия құрамасы ойыншысы Боатенг алаңнан қуылды. Соған қарамастан немістер шабуылдауын тоқтатқан жоқ.

95-минутта Тони Кроос айып соққысын соғып, командаға жеңіс сыйлады.

F тобында әзірше Мексика құрамасы алты ұпаймен алда келе жатыр. Швеция мен Германия еншісінде үш ұпайдан. 

Германия – Швеция – 2:1

Голдар: Ола Тойвонен (32), Марко Ройс (48), Тони Кроос (90+5).

Құрамалар тізімі:

Германия: Нойер, Киммих, Боатенг, Рюдигер, Хектор, Руди, Кроос, Дракслер, Мюллер, Ройс, Вернер.

Швеция: Ольсен, Лустиг, Линделёф, Гранквист, Аугустинссон, Ларссон, Экдаль, Классон, Форсберг, Тойвонен, Берг.

Бас төреші: Шимон Марциняк (Польша).

prosports.kz

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Мексика Оңтүстік Кореядан басым түсті Елордада дуатлон турниріне байланысты көлік қозғалысы шектеледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы