365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін

  • 166
  • UPD: 23:09, 24.06.2018
ӘЧ-2018: Шакири мен Джака екі ойыннан шеттетілуі мүмкін Soccernews.ru

Швейцария командасының ойыншылары Джердан Шакири мен Гранит Джаке алдағы екі матчтан шеттетілуі мүмкін.

Сербия құрамасының қақпасына соққан голдарынан соң екі футболшы да қарсыластарының намысына тиетін қылық көрсетті. Швейцариялықтардың бұл әрекетін FІFA жауапсыз қалдырмаймыз деп отыр.

Екі құрама арасындағы кездесу Калининградта өтіп, 2:1 есебімен швейцариялықтар жеңіске жеткен еді. Түп-тамырлары косовалықтармен байланысып жатқан Джака мен Шакири сол ойында бір-бір голдан соғып, бұл жетістіктерін Албанияның белгісі болып табылатын – қыран құс қанатын құлаш сермегенін аңғартатын әрекетпен атап өтті. Одан қалды Шакиридің аяқ киімінің бірінде Швейцарияның, екіншісінде Косово туы бейнеленген екен.

Бұл жайтқа қатысты тергеуді бастаған FІFA футболшылардың іс-қимылдары тәртіптік кодекстің 54-бабына қаншалықты сәйкестігін анықтауға кірісті. Онда бұқараны әдейі арандатқан ойыншы екі матчтан шеттетіліп, 5 мың швейцариялық франк айыппұл төлейтіні жазылған.

Егер екеуінің кінәсі расталса, онда олар Е тобында Коста-Рика құрамасына қарсы соңғы кездесуге және плей-оффтың алғашқы матчына қатыса алмайды, деп жазады rsport.ria.ru.

 

 

Осы категория бойынша: « Англия құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш рет 6 гол соқты Салах Шешенстан Республикасының құрметті азаматы атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы