365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иран мен Португалия плей-офф жолдамасын сарапқа салады

  • 291
  • UPD: 12:43, 25.06.2018
Иран мен Португалия плей-офф жолдамасын сарапқа салады

Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңдегі соңғы үшінші тур ойындары басталады.

Әр топтағы кездесулер бір уақытта өтеді. А тобында келесі кезеңге шыққан құрамалар белгілі. Сондықтан Уругвай мен Ресей өзара бірінші орынға таласады. Самара қаласында өтетін бұл матч Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Дәл осы уақытта Сауд Арабиясы мен Египет Волгаградта алаңға шығады. Түнгі 00:00-де Б тобының командалары кездеседі. Иран мен Португалия өзара плей-офф жолдамасын Саран қаласында сарапқа салады. Испания Калининградта Мароккомен сынға түседі. Бұл топтағы екі жолдамадан Испания, Иран, Португалия дәмелі.

Осы категория бойынша: « Польша үшін Әлем чемпионаты аяқталды Ресейлік кондитерлер шоколадтан Мессидің мүсінін құйып шығарды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы