365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: 1/8 финалының екі жолдамасы сарапқа салынады

  • 267
ӘЧ-2018: 1/8 финалының екі жолдамасы сарапқа салынады

Бүгін футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалының тағы екі жолдамасы сарапқа салынады.

С тобында Франция қатарынан екі ойында жеңіске жетіп, келесі кезең мәселесін өткен турда шешіп тастаған болатын. Бүгін Дешам шәкірттері Даниямен өз тобындағы бірінші орынға таласады. Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтетін матч Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Дәл осы уақытта С тобындағы Австралия мен Перу құрамалары кездеседі. Перу әлем чемпионатын ерте аяқтайды. Ал жалғыз ұпайы бар Австралия плей-оффтан әлі үмітті. Астана уақытымен түнгі 12-де Д тобының құрамалары алаңға шығады. Нигерия - Аргентина арасындағы жолдама тағдыры шешіледі. Жеңгені келесі кезеңге жолдама алады. Плей-оффқа шығып қойған Хорватия Исландиямен ойнайды.

Осы категория бойынша: « GGG - «Канело» жекпе-жегінің жеңімпазына берілетін белбеудің дизайны таңдалды Атақты басылым Данияр Елеусіновтен сұхбат алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы