374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан барысы»: жеңімпаз 25 млн теңге алады

  • 290
  • UPD: 15:26, 28.06.2018
«Қазақстан барысы»: жеңімпаз 25 млн теңге алады

Биыл «Қазақстан барысы» атану үшін 37 спортшы күш сынасады.

Олар еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан суырылып шыққан балуандар. Ал өткен жылы жарыс жеңіпазы атанғандар бәсекеге іріктеусіз қосылады. Алтын белбеу иесіне берілетін қаржылай сыйлық қомақты. Бірінші орынға 25 миллион теңге, Ал бапкеріне 3 жарым миллион беріледі. Балуандар 29 маусым күні салмақ өлшейді. Ал байрақты бәсеке 1 шілде күні «Барыс Аренада» өтеді.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» республикалық турнирі биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Келген көрермен де құр қол қайтпауы мүмкін. Өйткені жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады. Алдағы уақытта аталмыш дода еліміздің басқа да аймақтарында өтуі мүмкін 

Арман Шораев, «Қазақстан барысы» қорының төрағасы:

- Амандық болса, биыл Алматы облысында, Талдықорған қаласында өткізетін жоспарымыз бар. Жалпы, біздің облыстар, әкімдер біз неге өткізбейміз деп сұрап жатыр. Сондықтан біз географиясын көңейтеміз. Тағы «Каспий барысы» деген жоба дүниеге келетін шығар, Каспий теңізі жағасындағы мемлекеттерге арналған.  

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: 28 маусымға арналған ойындар кестесі Иранның жетекші ойыншысы 23 жасында құрамамен қош айтысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы