365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақтөбе» жанкүйерлері клубты құтқару үшін ақша жинай бастады

  • 182
«Ақтөбе» жанкүйерлері клубты құтқару үшін ақша жинай бастады prosports.kz

«Ақтөбе» ФК жанкүйерлері клубтағы қаржылық қиындықта өз командасына көмектесу үшін ақша жинай бастады.

Бұл шараны танымал «13-сектор» фанаттық тобы бастап отыр.

«Ақтөбе» ФК-ның барлық жанкүйерлері атынан сіздерден клубымызға қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Қаламыздың барлық ірі, орта, ұсақ мекемелерін, біздің облысымыздың және бүкіл Қазақстанның шоу-бизнес өкілдерін командамызда абыройлы ойнап, жарқын жеңістерге жеткен барша ойыншылар мен бапкерлерді, клубтың бұрынғы басшыларын (осындай жағдайға жеткізген), жанкүйерлерді және тарихы бай «Ақтөбе» клубына бей-жай қарай алмайтын барша жандарды клубқа көмек қолын созуға шақырамыз!», – деп жазылған топтың хабарламасында.

«13-сектор» жиналған қаражатты күн сайын жариялап отырмақ және оны әр апта сайын клубқа тапсырады.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « «Канело» Головкинді мазақ етті Леффлер Головкиннің болашақ қарсыласын атады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы