365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Жапония мен Колумбия 1/8 финалда

  • 198
  • UPD: 22:23, 28.06.2018
ӘЧ-2018: Жапония мен Колумбия 1/8 финалда Fit.uz

Футболдан әлем біріншілігінде H тобының ойындары аяқталды.

Польша Жапония қақпасына жауапсыз бір гол соғып, жеңіске жетсе, Сенегал мен Колумбия құрамалары арасындағы матчта да бір ғана гол соғылды..

Осылайша, 6 ұпай жинаған Колумбия H тобынан бірінші орынмен шықса, бір ұпайы кем Азия құрлығының өкілі Жапония екінші жолдамаға ие болды. 4 ұпай жинап, жапондармен бірдей көрсеткіш көрсеткен Сенегал құрамасы сары қағазы көп болғандықтан, үшінші орынға тұрақтады. Ал Польша көш соңында.

Жапония - Польша 0:1 (0:0)

Голдар: Беднарек 60'

Жапония: Кавасима, Х. Сакаи, Йосида, Макино, Нагатомо, Ямагучи, Сибасаки, Г. Сакаи, Окадзаки, Усами, Муто.

Польша: Фабьянски, Берешинский, Глик, Беднарек, Курзава, Крыховяк, Горальски, Енджейчик, Зелиньски, Гросицкий, Левандовски.

Сенегал - Колумбия 0:1 (0:0)

Голдар: Мина 74'

Сенегал: Ндиайе, Сабали, Кулибали, Сане, Гассама, Сарр, Куяте, Гуйе, Мане, Кейта, Ньянг.

Колумбия: Оспина, Ариас, Санчес, Мина, Мохика, Санчес, Урибе, Куадрадо, Кинтеро, Хамес, Фалькао

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Леффлер Головкиннің болашақ қарсыласын атады 1962 жылғы әлем чемпионатында Чили құрамасы неліктен ойын алдында ірімшік жеді? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы