365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футболдан әлем чемпионаты тарихында 2500-ші гол соғылды

  • 263
  • UPD: 09:04, 29.06.2018
Футболдан әлем чемпионаты тарихында 2500-ші гол соғылды Today News

Бұл гол Панама мен Тунис құрамалары арасындағы ойында есепке алынды.

Дүбірлі дода тарихындағы мерейлі голды Тунис құрамасының шабуылшысы Фахриддин Бен Юссеф соқты. Ол 51-минутта командаласы Хазриден пас алып, таразы басын теңестірді. Ал ойында Африка құрлығынан келген құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, әлем чемпионаты тарихындағы 2400-ші гол да биылғы додада соғылды. Оны Хорватия-Нигерия кездесуінде Лука Модрич соққан еді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Осы категория бойынша: « 1962 жылғы әлем чемпионатында Чили құрамасы неліктен ойын алдында ірімшік жеді? ӘЧ-2018: Англияны ұтқан Бельгия плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы