374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық киокушин шеберлері Болгарияға аттанады

  • 127
Қазақстандық киокушин шеберлері Болгарияға аттанады

Болгарияда 25 ел спортшыларының қатысуымен киокушин каратэдан халықаралық турнир өтеді.

Дәстүрлі додаға ұлттық құрама сапынан 11 адам қатысуға мүмкіндік алды. Олардың арасында жуырда ғана Астанада өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары Никита Гарас, Темірлан Жәнібек, Нұрлыхан Садуақасов, Әлемгүл Сабырхан және Нарқыз Ұзақбаевалар бар. Енді олар тек Азияда ғана емес, қос құрлықта да мықты екендіктерін дәлелдеп көрмек. Қазір ұлттық құрама спортшылары байрақты бәсеке алдында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Айтпақшы, халықаралық жарыстан кейін Қазақстан спортшылары Варна қаласында өтетін жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен мың жарым киокушин шебері келеді деп күтіліп отыр.

Осы категория бойынша: « Флойд Мейвезер әлемдегі ең қымбат сағатты сатып алды Зырян қалысында 10-ға жуық шағын спорт кешені бой көтереді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы