367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда гандболдан Орталық Азия елдері арасында жарыс өтті

  • 238
Алматыда гандболдан Орталық Азия елдері арасында жарыс өтті

Алматыда гандболдан 18 бен 20 жасқа дейінгі ерлер командалары арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.

Бес елдің құрамалары қатысқан жарыста Қазақстанның қол добы шеберлері ала құла ойын көрсетті.

Дүниежүзілік қол добы қауымдастығы бекіткен ережеге сәйкес іріктеу кезеңі 4 аймаққа бөлінген. Яғни Орталық Азия елдері құрамаларының жарысы Алматыда өтті. Біздің жігіттерге келесі кезеңге шығатын тамаша мүмкіндік болған. Алайда Қырғызстан мен Түрікменстан және тәжіктерді оңай ұтқанмен, өзбек гандболшыларынан айналып өте алмадық.

Мұхтар Толыбаев, Өзбекстан құрамасының ойыншысы.

– Жарыс біздер үшін сәтті болды. Финалда Қазақстан құрамасын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алдық. Жалпы сіздерде қол добына деген қызығушылық байқалмайды. Жарыс басталғалы бері спорт кешені бос тұрды. Тіпті Қазақстан құрамасы ойнаған күні қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерді көре алмадым.

Еліміздегі ерлер гандболының кенжелеп қалғанын  қауымдастық басшысы Гүлнар Смағұлқызы да мойындайды.  Жігіттердің шеберлігін шыңдап, тәжірибесін толықтыру үшін осындай  халықаралық  деңгейдегі жарыстарды жиі өткізу керек, дейді ол.

Гүлнар Тұрлыханова, ҚР гандбол федерациясының президенті:

– Гандбол спорт түрі Қазақстанда әйелдер арасында өте керемет дамуда. Ал ерлер арасында даму тоқтап қалған еді, бірақ осы жарыстардың барлығы даму үшін жасалынып  жатыр. Әлемдік федерация осындай жобаларын беріп,  Азия,  Америка, Африка яғни Еуропа елдерінде іріктеу жарыстары өткізіліп , Азия құрлығында төрт аймаққа бөліп төрт кезеңнен тұратын жарыста  бізге мүмкіндік берілді.

18 жасқа дейінгі жігіттердің ойын өрнегі көңіл қуантты. Ең бастысы бойларында намыс, көздерінде жалын бар. Өзбекстан құрамасымен болған тартысты ойында табандылық танытып, жеңіске жетті.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Осы категория бойынша: « Зырян қалысында 10-ға жуық шағын спорт кешені бой көтереді Көкшетаудағы жеңіл атлетика манежіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы