369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда Mundialido футбол жарысы мәресіне жетті

  • 221
  • UPD: 22:53, 30.06.2018
Италияда Mundialido футбол жарысы мәресіне жетті

Ресейде футболдан әлем чемпионатының плей-офф ойындары басталса, Италияда өзінің әлемдік жарысы Mundialido аяқталды.

Додаға Апенин түбегінде көптен тұрып келе жатқан шетелдіктерден құралған командалар қатысады. Басқаша айтқанда, Сенегал, Парагвай, Ирландия, Бразилия, Украина, Колумбия сияқты әлемнің әр елінен келіп Италияда орныққан футболсүйер қауым. Қызықты чемпионат 20 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы сайысқа 24 құрама қатысты. Финалда Марокко мен Кот-д’Ивуар кездесіп, есеп соңғысының пайдасына шешілді – 0:1. Өткен жылғы додада сенегалдықтардың мерейі үстем болып еді.

Диабате Лансине, Кот-д’Ивуар құрамасының ойыншысы:

- Бұл жарыс маған қатты ұнайды. Себебі, жаңа достар тауып, мәдени байланыс көкжиегі артады. Футбол дегеніміз – кедергі, шектеуі жоқ ойын.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Франция Мессиді үйіне қайтарды Уругвай Португалиядан жеңісті жұлып алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы