367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путинцева Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

  • 118
  • UPD: 12:10, 04.07.2018
Путинцева Уимблдон турнирін жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында поляк теннисшісі Магда Линетпен кездесті.

Дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған Линетпен бәсеке барынша тартысты өтті. Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түскенімен, екіншісінде дәл сондай есеппен есе жіберді.

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:5 болған мезетте Польша елінің өкілі брейк жасап, алға шықты. Ол матчқа доп бергенде, Путинцева сәтті ойнап, қайыра брейкке қол жеткізіп, таразы басын теңестірді – 6:6.

Уимблдон турнирінде соңғы сетте тай-брейк ойналмайтындықтан, матч ұзарып кетті. Дегенмен бар күш-жігері мен шеберлігін салған Путинцева 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Аса тартысты кездесу 2 сағат 43 минутқа созылды. Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, бұрынғы отандасы, ресейлік Дарья Касаткинамен кортқа шығады, деп жазады sport.inform.kz.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ерлер арасында Михаил Кукушкиннің Уимблдон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз. Ол екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы испаниялық Рафаэль Надальмен кездеседі.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: ширек финалға шыққан барлық команда белгілі болды WBA басшылығы Астанаға Бейбіт Шүменовтің титулдық жекпе-жегіне келді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы