367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аршавин: Ресейдің әлем чемпионы болғанын қалаймын

  • 374
  • UPD: 15:54, 04.07.2018
Аршавин: Ресейдің әлем чемпионы болғанын қалаймын Mir24.tv

Алматыда ұйымдастырылған брифингте Бауыржан Исламхан мен Андрей Аршавин футболдан болып жатқан әлем чемпионаты туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Андрей Аршавин Ресей құрамасын ширек финалға өткен командалардың ішіндегі әлсізі деп санайды. Алайда ол әлем чемпионатының кубогына Ресей командасы алғанын қалайтынын айтты.

«Егер ақтық кезеңде Бразилия мен Франция кездесетін болса, Бразилия құрамасының күші басым түседі деп ойлаймын. Алайда мен Ресей құрамасына жақтасамын», – деді Аршавин.

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан: «Мен футболдан әлем біріншілігінде Аргентина мен Испанияның ойынына қолдау білдірдім. Испания құрамасының ойыншысы Иньестаны ұнатамын. Бірақ өздеріңіз білетіндей, олар ойыннан шығып қалды. Бұған бола көңілімді түсірген жоқпын, мен – әрқашан жақсы ойынның жанкүйерімін», – деді.

Осы категория бойынша: « WBA басшылығы Астанаға Бейбіт Шүменовтің титулдық жекпе-жегіне келді Юлия Путинцева «Уимблдон» турнирінің екінші кезеңіне шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы