364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Бразилия - Бельгия арасындағы тартысты ойын 6 шілдеде өтеді

  • 330
ӘЧ-2018: Бразилия - Бельгия арасындағы тартысты ойын 6 шілдеде өтеді Рен-ТВ

Ширек финалдағы ең тартысты ойын Бразилия – Бельгия арасында өтеді.

Мамандар бұл кездесуді финалдық сынға балайды. Роберто Мартинестен тәлім алатын Еуропалық команда Мәскеудегі базада дайындалып жатыр. Ал Тите шәкірттері Сочиде жүр. Бельгияда жарақат алған футболшы жоқ. Бразилия сапында Паулиньо ғана жеке жаттығуда. «Көпшілік бұл матч «Челси» клубының жартылай қорғаушылары Азар мен Виллиан арасындағы бәсеке», – дейді. Ағылшын командасының тағы бір өкілі Тибо Куртуа Бельгия қақпасын күзетеді. Бразилия 1/8 финалда Мексикадан 2:0 есебімен басым түссе, Бельгия Жапониядан 0:2 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Кездесу жайлы жартылай қорғаушы Виллиан өз пікірін білдірді.

Виллиан, Бразилия құрамасының футболшысы:

– Біз қарсыласқа құрметпен қараймыз. Командамызда жақсы ойыншылар жетерлік. Әр кездесу сайын күшейіп келеміз. Бельгияның да футболшылары үздік лигаларда доп тебеді. Сондықтан оларда да тәжірибелі ойыншылар бар. Біз қарсыластартың шабуылына төтеп беріп, олардың осал тұсын іздейміз. Оған шамамыз жетеді.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Ширек финал Уругвай - Франция кездесуімен басталады Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы