367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтеді

  • 252
Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтеді

Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық жарыс өтеді.

Бұл сынға еліміздің білекті жігіттерінен бөлек, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ-тың балуандары қатысады. Спортшылар 10 салмақта белдеседі. «Болашақта ел намысын қорғайтын жігіттер осындай халықаралық жарыстарда шыңдалады. «Сондықтан осы турнирді жастар арасында өткізуді жөн көрдік», – дейді күрес қауымдастығының басшылары. Ертең «Балуан Шолақ» спорт кешенінде ұлттық құрама сапындағы бірінші, екінші нөмірлі спортшылардың барлығына мүмкіндік беріледі. Атап айтқанда, Абылай Сағынғали, Дәулет Ергеш, Шыңғыс Мұхаметқалиев, Әлішер Ерғали және Серік Бақытжанов пен Бақдәулет Өсербай өз шеберліктерін көрсетеді.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Бразилия - Бельгия арасындағы тартысты ойын 6 шілдеде өтеді Данияр Елеусінов: Головкин туралы жаман сөз айтпадым »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы