374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда кекушинкай каратэден әлем чемпионаты басталды

  • 226
  • UPD: 16:16, 06.07.2018
Қарағандыда кекушинкай каратэден әлем чемпионаты басталды

Кеншілер қаласындағы шығыс жекпе-жегіне 18 елдің 160-қа жуық спортшысы жиналды.

Олардың арасында Сирия мен Иордания мемлекетінен де спортшылар келіпті. Балалар мен қыздар арасындағы жарыста Қазақстан атынан 63 каратэ шебері сынға түседі. «Басты қарсылас – жапон құрамасы», – дейді бапкерлер. Біздің сайыпқырандар да осал емес, әлемдік рейтингте көш бастап тұр.

Тәжімұрат Найзабеков, «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ» қауымдастығының президенті:

- Қазақстан 5 жыл болды, әлемдік рейтингіде 1-орында тұр. Әрине, қазіргі келген жапондар, Ресейден, Арманиядан, Германиядан келген командалар өте мықты. Олардың барлығы бүгін өздерінің еселерін жібермейді ғой деп ойлаймыз. Сондықтан біздің Қазақстан құрама командасы оған дайын деп ойлаймыз.

Осы категория бойынша: « Астанада ескек есуден сайыс өтті Кукушкин Надальден төртінші рет жеңілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы