365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тур де Франс» велокөпкүндігі басталады

  • 172
  • UPD: 18:03, 06.07.2018
«Тур де Франс» велокөпкүндігі басталады

Ертең велоспорттан жылдың айтулы жарысы «Тур де Франс» көпкүндігі басталады.

105-мәрте ұйымдастырылатын биылғы Гранд-тур Франция және Испания жолдарында өтеді. Кеше «Тур де Франсқа» қатысатын командаларды таныстыру рәсімі болды. Олардың арасында «Астана Про Тим» де сынға түседі. Қазақстандық велоклубтың сапында жерлесіміз Дмитрий Груздевтен бөлек Магнус Корт, Якоб Фульсанг, Омар Фраиле, Танел Кангерт, Йеспер Хансен, Луис Леон Санчес және Михаэль Вальгрен бар. Көпкүндіктің қазіргі чемпионы Крис Фрум да бесінші мәрте топ жарудан дәмелі. 

Крис Фрум, «Тур де Франс» көпкүндігінің төрт дүркін чемпионы:

- Бесінші мәрте топ жару шынында да керемет оқиға болар еді. Мен шама жеткенше жеңіске ұмтыламын. Қазір менің тамаша командам бар. Біз осы жылы бар мүмкіндігімізді паш етеміз.

Осы категория бойынша: « Премьер-лига: «Ордабасы» – «Қайсар» – 1:2 Алматыға еркін күрес балуандары жиналды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы