365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыға еркін күрес балуандары жиналды

  • 304
  • UPD: 18:07, 06.07.2018
Алматыға еркін күрес балуандары жиналды

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Алматыда еркін күрестен жастар арасында халықаралық турнир басталды.

Алты елдің балуандары 10 салмақта командалық сайысқа түсіп жатыр. Әзірге Қазақстан құрамасы қарсылас шыдатар емес. Біздің жігіттер алдымен АҚШ құрамасын 8:2 есебімен тізе бүктірсе, артынша қырғыздардың осал тұсын тапты. Есеп – 9:1. Ресей мен украиналық балуандардың да қарқыны жаман емес.

Мейрамбек Қартай, спорт шебері:

- Бұл жарыстың жоғарғы деңгейде болуы болашақта дамуымызға үлесі мол. 

Ерғали Әлішер, спорт шебері:

- Бұл жарыс біздің Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Бұл еркін күрестің дамуына өте жақсы көмек болады. Тәжірибе аламыз. Жақсы елдерден келді. Бәрі бірінші нөмірлі балуандар.

Осы категория бойынша: « «Тур де Франс» велокөпкүндігі басталады Елордада ұлттық спорт түрлері ұлықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы