374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада каратэшілер өзара мықтыны анықтап жатыр

  • 198
  • UPD: 23:26, 07.07.2018
Астанада каратэшілер өзара мықтыны анықтап жатыр

Бүгін каратэ шинкиокушинкайдың ката тәртібінен республикалық ашық турнир басталды.

Бас шаһардың мерейтойына орайластырылған біріншілікке 400-ден астам спортшы келді. Астана мен Алматы қалаларымен қатар еліміздің 14 өңірінен, сондай-ақ көрші Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Литвадан балалар мен жасөспірімдер, ардагерлер өзара мықтылық байқасып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттық дода жоғары деңгейде өту үшін жапониялық мамандар да турнирге жұмылдырылған. Ал отандық спортшылардың дайындығы жоғары екенін Күншығыс елі өкілдері де жасырмай отыр. Айта кетейік, турнир жеңімпаздары ертең анықталады.

Қайыртай Сарманов, Қазақстанның карате-шинкиокушинкай федерациясы президентінің орынбасары: 

- Біздің халықаралық федерациямыз осы катаға қазір дұрыстап қарап, көздерін салып жатыр. Қазақстанда бірінші рет чемпионат болып жатыр. Жуырда Жапонияда жарыс өтіп, онда 3,5 мың қатысушы болды. Соның арасында біздің ката, кумитэ бойынша жүлделер алдық.

Осы категория бойынша: « Швецияны ұтқан Англия жартылай финалға шықты Ресей құрамасын ұтқан Хорватия жартылай финалда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы